Song picture
Бойдақтың жыры
Comment Share
Жалғыздық адам баласына емес, тек Жаратушыға жарасатын сипат. Ал пенде жүрегі жалғыздықтан жүдейді. Ақын бұл өлеңде өзінің жүрек қалауымен үндесетін, жанын толықтырар болашақ жарын іздейді. Бұл тек құштарлықты ғана емес, жанының тұтастығын аңса
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
Peak #13
Peak in subgenre #3
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
July 14, 2025
Track Files
MP3
MP3 1.6 MB 192 kbps 1:08
Lyrics
Ақылым көптен бері жүр қосылмай, Айта алады қатемді кім жасырмай? Ақыныңа бір келіншек тауып берші, Шақуатым қойды ғой бір басылмай. Таңдап жатар әйелді мен емеспін, Кемшіліксіз болмайды себебі ешкім. Парасатты келіншек болса болар, Жасында мен оның елемеспін. Бойдақтардың өмірі маған мәлім, Қимылдаған әлбетте табар жарын. Көп ұзамай жұбымды жолықтырсам, Орындалар іштегі бар арманым. Айналды ғой жолдассыз бас сыздарға, Тартпай мүлдем тәбетім ас-тұздарға. Қасымда келіншегім болса егер, Қайтемін мен қырыңдап жас қыздарға? 2022 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.