Song picture
Гетто
Comment Share
Free download
Автор маргиналды аудандардың шынайы бейнесін заңсыздық, қылмыс, зорлық-зомбылық, кедейлік пен үмітсіздік жайлаған ортаны сипаттайды. «Гетто» бұл туынды қаланың елеусіз қалған, тасадағы қараңғы өмірін шынайы суреттеген әлеуметтік-криминалды поэзи
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 3.1 MB 192 kbps 2:16
Lyrics
Ұсталмаған ұрылар, Табылмаған өліктер. Жабылмаған сауналар, Нөмірі жоқ көліктер. Оңалмаған тұрмыстар, Ашылмаған қылмыстар. Шылым шеккен ұл-қыздар, Аяқталмаған құрылыстар. Саудаланған арулар, Тәркіленген қарулар. Төбелестер, қырылыстар, Өзін-өзі жарулар. Заңдастырылмаған ұйымдар, Тіркелмеген ағымдар. Көшедегі атыстар, Келіп түскен шағымдар. Іздестірілген маньяктар, Анонимді алаяқтар. Сексшоптар, клубтар, Ішілмеген коньяктар. Есірткілер, нашалар, Автоматтар, осалар. Қоқыс толған пәтерлер, Түбі тесік катерлер. Иесі жоқ нысандар, Адым сайын қатерлер. Жөнделмеген мектептер, Сырланбаған балкондар. Ақталмаған үміттер, Шешілмеген түйіндер. Ғайып болған армандар, Айтылмаған жұмбақтар. Өмірді мұндай кім жақтар?
Comments
Please sign up or log in to post a comment.