Song picture
Толғаныс
Comment Share
Free download
Дүние баянсыз, ғұмыр қысқа, ал жүрекпен жазылған жыр мәңгілік. Мен де келешек ұрпаққа өшпес мұра жазып қалдырғым келеді. Өмірде достарым аз болғандықтан шығар, қалам мен парақты өзіме серік еттім. Бар ойымды қағазға түсіремін.
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 11, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.3 MB 192 kbps 1:41
Lyrics
Толғаныс бар кернеген басымда мың, Сырласпадым ешкіммен, ашылмадым. Қиялыма іштегі қанат бітіп, Көңілімнің емдеймін зақымдарын. Ойлаймын да өткенді, толғанамын, Толғанамын қасында сол жағаның. Жинасаң да әлемнің олжаларын, Бұл дүние тұрмайды қолда, мәлім. Өткен сәтті ойласам сағынамын, Болашақты ойласам қамығамын. Мен де бір күн жайғасып қара жерге, Топырақты үстіме жамыламын. Кім кепіл жетпіске жетері ме? Ертеме-кеш бұл жалған өтеді де... Мен де бір күн қоштасып өздеріңмен, Аттанамын мәңгілік мекеніме. Мына жалған өмірге тамсанар кім? Мәңгі бақыт құшағын аңсағанмын. Білмеймін, кімдерді қуанта алдым, Көңілдерін кірлеттім қанша жанның? Соңғы сапар, Соңғы дем қалды жақын. Тар бөлмеде жабығып, болдым ақын. Жырдан басқа қолымда еш нәрсе жоқ, Мұра етіп сіздерге қалдыратын. 20182024 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.