Song picture
Менің ұстанымым
Comment Share
Free download
Адам пенде сабырменен іс қылмақ керек, жауыздыққа жақсылық, дұшпанға мейірім қылу лазым. Өшпенділікке бой алдырмай, кешіріммен қарамақ ізгіліктің жолы. Бірақ бұл әркімге оңай іс емес. Дәл осы жолды ұстану менің өмірлік мүддем, ал соны жүзеге
poetry
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 11, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.7 MB 320 kbps 1:12
Lyrics
Тілдесе де сыртымнан қай тарабым, Сабырлықпен тек қана жай табамын. Біреу маған жасаса жамандықты, Жақсылықпен жауабын қайтарамын. Сақталмаса өзгеге мүлде кегім, Игіліктер келеді күнде тегін. Жұрттардың былапыт сөздеріне, Көңілімді мен неге кірлетемін? Өшпенділік байқалмай еш үнімнен, Барлығына қараймын кешіріммен. Маған қастық жасаған адамдарды Күтіп алам, күлімдеп есігімнен. Мына әлем құшағын маған ашқан, Әрбір күнім жазылған жаңа дастан. Мақсатыма жетемін, Құдай жазса, Соқпағына өмірдің қарамастан. Қараша. 2018 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.