Song picture
Айыптымын
Comment Share
Free download
Бар айып өзімде. Кінәні өзгеден емес, алдымен өз жүрегімнен іздеймін. Өйткені өмірдегі көп сәтсіздіктер сыртқы себептен емес, өзіміз жіберген қателіктерден туындайды. Ең бастысы сол қателіктерден сабақ ала білсек, міне, бұл нағыз жетістік.
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
#45 today Peak #33
#7 in subgenre Peak #3
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
August 16, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.4 MB 192 kbps 1:46
Lyrics
Айыбымның ешбірін ұмытпадым, Соны ойлап отырмын құрып халім. Жүрмегесін мән-жайдың ұғып мәнін, Лайладым талай көңіл тұнықтарын. Мінезіне зәрумін байыптының, Адалдықпен өз рухын байытты кім? Даттасаң да мен оған лайықтымын, Алдарыңда себебі айыптымын! Шығарда қатты жаптым есігіңді, Бірақ мұны жүрегім кеш ұғынды. Титтей саған тигізсем кесірімді, Мен алдыңда сұраймын кешірімді. Жауап қашан табамын сұраққа сан, Бір жерге қанат жайып тұрақтасам. Кінәлімін, қоғамнан жырақтасам, Жылағанда мен сені жұбатпасам. Суып қалған жүректі жылытпадым, Жинамай сынған көңіл сынықтарын. Айыбымның ешбірін ұмытпадым, Торға апарып өзімді құрықтадым. Айыпты боп қалай өмір сүрермін, Өзгелерді ренжітетін кім едім? Бір сөзіме бұзылса егер реңің, Оғанда мен айыптымын, білемін!
Comments
Please sign up or log in to post a comment.