Song picture
Асыл анам
Comment Share
Free download
Бұл өлең - баланың өз анасына арнаған жүрекжарды туындысы. Шығарма ана мен бала арасындағы рухани байланысты терең суреттейді.
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
Peak #33
Peak in subgenre #6
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 0.9 MB 128 kbps 1:02
Lyrics
Асыл анам! Жалғыз менің жұбанышым, Өмірімнің сарқылмас бұлағысың. Бір мезет көрмесем дидарыңды, Сағыныштан азынап тұрады ішім. Асыл анам! Таңымсың ғажап атқан, Құшағына әлемді паналатқан. Маған төккен мейірімің құралады Айнадай кіршіксіз махаббаттан! Асыл анам! Шынайы жанашырым, Маған бердің мұхиттың әр асылын. Сен сыйлаған шабытпен әлі талай Бағындырам өмірдің дара шыңын. Асыл анам! Күнімсің көктегі жарқыраған, Мен боламын өмірлік сарқырамаң. Ана деген білсеңіз алтын адам, Алақаны секілді жарты ғалам.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.