Song picture
Асық
Comment Share
Free download
Бұл өлең арқылы автор өз махаббатына жете алмаған, бірақ оны жүрегімен әлі күнге дейін сүйетін бір жігіттің ішкі күйінішін суреттейді. Ол ару жігіт үшін қол жетпес арман, асқақ бейне. Ал жігіт сол арманды үнсіз аңсаумен күн кешіп жүрген қарапай
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.8 MB 192 kbps 2:01
Lyrics
Сені алғаш кезіктіргем күзде мен, Тынысыңа еруші еді мұз денем. Сендік көңіл қаласа да өзгені, Мен әлі үмітімді үзбегем. Амал нешік, барлығына төземін. Қызғаныштан өртенсе де өзегім. Сен қазір жанындасың өзгенің, Айтпасаң да бәрін іштей сеземін. Бәрі есімде... Таныс көше, таныс маң. Осы маңда сенімен алғаш танысқам. Самайыма сағыныштан ақ түсіп, Сарайыңа қарап тұрмын алыстан. Болғасын ба менен биік шоқтығың, Сені аңсаумен өтіпті ғой көп күнім. Маған жүзік алмады деп ренжіме, Білесің ғой жағдайдың жоқтығын. Өміріңнің беттерінен өріп нұр, Көп ұзамай бақытыңды жолықтыр. Біз бірге бола алмаймыз, не шара? Қу дүние арамызды бөліп тұр. Асықпын... Сенен оны жасырман. Күзгі самал өбуші еді шашыңнан. Ақылым ұшқан соң ба басымнан, Жыр жазуды әдет қылдым жасымнан.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.