Song picture
Жыр аға
Comment Share
Free download
Бұл өлеңді қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевқа арнадым.
poetry e s b o l b o z a n
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 30, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.5 MB 192 kbps 1:50
Lyrics
Жырыңызға көз ашқалы қанықпын, Біртуар ақынысыз халықтың. Қайта келіп қазағымды тербетші, Қуыс кеуде ойсыздардан жалықтым. Мысы құрып даңғойлардың бір күнде, Аспанға ұшар еді-ау бөркім де. Алайда амал қайсы, жыр аға? Әмір жүрмес уақыт деген шіркінге. Өнеріңіз ұрпақ үшін дара шың, Алатаумен тапқан әркез жарасым. Жырларыңыз жүректерді жібітіп, Жалғайды сезімдердің арасын. Мен де өзіңдей қара өлеңді сүйгенмін, Жабыққанда жыр жазатын күйге ендім. Сіз арқылы ғашық болып өмірге, Табиғатты аялауды үйрендім. Балауса үміт жүрек түбін қонақтай, Жетістікке ұмтыламыз көп аттай. Күш береді жанымызға біздердің, Қайыспайтын мінезіңіз болаттай. Енді мен де биіктерге қонамын, Берілмеймін, жер-жаһанды шоламын. Жырларыңды жиі оқысам, жыр аға, Бір өзіңмен сырласқандай боламын.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.