Song picture
Меланхолик
Comment Share
Free download
Бұл өлеңде ақынның ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтар мен сезімдер баяндалады. Ол өмірдің мәнін, махаббат пен жалғыздықты, рухани күйзеліске түскен өз жан дүниесін суреттейді. Ақын өткен махаббаты мен армандарын еске алып, қазіргі уақыттағы мұңды саға
poetryreadings
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
Peak #8
Peak in subgenre #2
Author
Esbol Bozan
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 03, 2025
Track Files
MP3
MP3 4.3 MB 320 kbps 1:53
Lossless
WAV 37.9 MB
Lyrics
Алданбай арбауына қиялдың, Туар ма ақылымды жияр күн? Жүректегі жазу үшін жарамды, Шарасыз қолға алдым қаламды. Отырмын бір бөлмеде баз кешіп, Бойдағы жігерімде аз нешік? Келемін босқа қинап өзімді, Керек кезде бола алмай төзімді. Жанарым терезеге байланды, Төсек орным қабіріме айналды. Қызықпа ғұмырына ақынның, Ақын болып талай рет аһ ұрдым. Іздесемде жұбанышты өлеңнен, Қара бұлт арылмады төбемнен. Бола білгем бір аруға ғашықта, Қиялым қанат қағып қашыққа. Алайда қалды бәрі арманда, Мұңымды түсінетін жан бар ма? Жусамда сағат сайын тәнімді, Тазарта алмай қойдым жанымды. Айналып тұтқынына сезімнің, Майдаландым, ұсақталдым, езілдім. Мен емес мықтылардың теңдесі, Қылдан нәзік жүрегімнің пернесі. Аруларға құмар болдым тым қатты, Білмеймін, мүмкін мені жын қақты. Махаббат па? Махаббатта зарар көп, Әлі күнге сүйіктімнен хабар жоқ. Жанымда болмаған соң сырласым, Қабағымда шаттық емес, мұң басым. 2024 Esbol Bozan. Меланхолик.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.