Song picture
Элегия
Comment Share
Free download
Мен бұл өлеңде өмірдің өткіншілігін, баянсыздығын, әрі жалғыздықтың қасіретін суреттедім. Өлең әжем дүние салғаннан кейін бір жыл өткен соң жазылды. Өлеңде жақын адамдармен бірге өткен уақыттың қаншалықты құнды екендігін баяндадым. Ал менде тек естел
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 03, 2025
Track Files
MP3
MP3 3.8 MB 320 kbps 1:41
Lossless
WAV 33.9 MB
Lyrics
Көктемнің кеші еді, Ақ жаңбыр төгілген. Самал жел еседі Саялы өңірден. Аспанды бұлт басты, Сезіліп түнгі ызғар. Алданыш қылатын Жоқ бүгін жұлдыздар. Мен жалғыз отырмын, Ермек қып дәптерді, Еске алып бұрынғы Көңілсіз сәттерді. Әрине, құлазып, Орнаса бойға күз, Өткенді ойға алып, Қамыққан пайдасыз. Одан да ақылман Адамдар тәрізді, Болашақ күндерді Ойлаған маңызды. Жалт етіп өтетін Өмірде қас-қағым, Дос болуға лайықты Адамды таппадым. Қарашы, Жайыққа Толқындар көп әлгі... Жағаға жеткенде, Түбімен жоғалды. Ең қымбат адамың, Жаныңа бір жайлы, Көзіңде жарқырап, Мәңгілік тұрмайды. Тынымсыз сезімдер Сыр беріп көлденең, Біреуге өлердей Ғашық боп көрмегем. Біртіндеп жиналды Жүрекке көмес мұң, Анамдай жанашыр Қасымда жоқ ешкім. Есімде еңсемді Түсірген күздегі, Әжемнің қалдырған Ең соңғы сөздері. Қазанда ақ тұман, Тұмшалап жүзімді, Бір түйір жапырақ Бұтақтан үзілді. 2017 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.